Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау туралы Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасымен келісті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері М.Мырзағалиевке бірқатар сұрақтар қойды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.
Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.