Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) оны 10 жыл басқарған Юкия Аманоның қазасына байланысты, бас директордың міндетін атқарушы етіп Корнел Феруцені тағайындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бас директор Юкия Аманоның қазасына байланысты, агенттіктің жұмысын тоқтатпау үшін Басқарушылар кеңесі Корнел Феруце мырзаны бас директор лауазымына жаңа басшы келгенге дейін бас директордың міндетін атқарушы етіп тағайындауға қаулы қабылдады», - делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазАқпарат» ХАА Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Юкия Амано 72 жасында өмірден өткенін хабарлаған болатын.
Амано МАГАТЭ-нің бас директоры лауазымына тағайындалған алғашқы азиялық болды. Ол осы лауазымды 2021 жылға дейін атқаруы тиіс еді.