Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда қарлы боран салдарынан қалаға 1,4 млрд еуро шығын келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Mundo газеті.
«Біз соңғы күндері экономика, инфрақұрылым және қала мүлкіне келген шығынды есептеп, 1,398 млрд еуроға жеткенін анықтадық», - деді ол.
Мартинес-Альмейда Испания билігіне қаланы апат аймағы деп жариялап, корольдік үкіметті осы мәселеге орай жауапты кешіктірмей беруге шақырды.
8 қаңтарда Испания кейінгі жарты ғасырда болмаған қарлы боран астында қалды. «Филомен» дауылы салдарынан ауа температурасы күрт төмендеді. Андалусия тауларында қар деңгейі 50 см-ге жеткен. Қолайсыз ауа райы салдарынан Испанияның көлік жүйесі жұмысын тоқтатты.