29 қар, 2017 сағат 19:29

Лукашенко Назарбаевқа уәде берді

Қазақстанда ересектер мен балалардың бауырын алмастыру операциясы тұңғыш рет беларусьтық мамандардың қатысуымен жасалды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Минскіден.

«Біздің елдеріміз шын мәнінде гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың нәтижелеріне мақтана алады. Посткеңестік кеңістікте Беларусь пен Қазақстанның 40-тан астам жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында ғылыми-білім консорциумы құрылды. Беларусьта 500-ден астам Қазақстан азаматы білім алуда. Медициналық саладағы ынтымақтастық та жоғары қарқынмен дамуда. Айтпақшы, Қазақстанда ересектер мен балалардың бауырын алмастыру бірінші операциясы беларусьтық мамандардың қатысуымен жасалды», - деді Лукашенко.

Беларусь Президенті білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларында байланыстарды одан ары да жоғары деңгейде ілгерілетуге ниетті екендігін жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасында Мәдениет күндерін қайтадан өткізуді бастау ұсынысын айтты.

«Тағы да айтамын, Қазақстан біз үшін стратегиялық серіктес және біз барлық бағыттардағы өнімді өзара іс-қимылға бағытталған осынау тығыз байланыстарымызды өте жоғары бағалаймыз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен сізге егерде біз қандай да бір мәселелерде келісімге келсек, онда аталған уағдаластықтықтан таймауға кепілдік беремін және Сіздерде жаңа тарихымыздың барлық кезеңдеріндегідей еш уақытта  бізбен түйінді проблема болмайды», - деді Лукашенко.