26 жел, 2025 сағат 15:36

Lufthansa ұшағы Алматы әуежайына қонды: рейсте жолаушы көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

26 желтоқсанда Lufthansa Мюнхен – Пекин бағыты бойынша ұшақ Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұған себеп: борттағы жолаушының денсаулығы нашарлап,  ер адам есінен танып қалған. 

Әуежайдағы полиция қылмыстық іс қозғады. Ақпарат бойынша, шетел азаматы жүрегі ауырып қайтыс болған.