07 қар, 2020 сағат 13:56

Литвада қайтадан карантин жарияланды

Литвада коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қайтадан жалпыұлттық карантин енгізілді. Бұл режим ресми түрде сенбі күні күшіне еніп, кем дегенде үш аптаға созылады. Одан кейін ел үкіметі әрі қарай шешім қабылдау үшін жағдайды бағалайды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ендігі шектеу бұған дейін наурыз айының ортасынан маусымның ортасына дейін енгізілген шектеуге қарағанда қатаң болмайды. Ол кезде елдегі тіршілік тоқтап қалған болған. Дәріханалар мен сауда орталықтарынан басқа барлық орын жабылған. 

Алайда енді адамдар қоғамдық жерде үнемі маска тағып жүруге міндетті болады. Барлық бұқаралық шара тоқтатылды. Мұражай, театр, кинотеатр, өзге де мәдени мекемелер жабылды. Дәмханалар мен мейрамханалар енді тамақты тек жеткізіп берумен шектеледі. Дүкендер мен қызмет көрсету кәсіпорындары клиенттерді 10 шаршы метрге бір адамнан ғана қабылдайды. Іс жүзінде бұл онда қызметкерлерден басқа тек бір клиент бола алатынын білдіреді. Сондай-ақ, жиналатын адамның саны бестен аспауы тиіс. 

Литва президенті жанындағы коронавирус бойынша сарапшылар кеңесінің құрамына кіретін Литва елінің денсаулық сақтау ғылымдары университетінің профессоры Миндаугас Станкунастың жұма күні атап өтуінше, карантинсіз елде ауру жұқтырғандар саны Рождество мерекесіне қарай шамамен 100 мың адамға дейін көбейіп кететін еді. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 20,7 адамға жеткен. Сарапшының атап өтуінше, карантин жағдайы тұрақтандыруға көмектесуі тиіс. 

«Біздің бағалауымыз бойынша, 20 қарашадан немесе оқиғалардың дамуының басқа нұсқасына сәйкес, 27-нен бастап елде ауру жұқтыру оқиғалары азая түседі», - деді ол тілшілерге.

Қазан айының басында Литвада тәулік ішінде коронавирус жұқтырған адамдың саны 100-ге жетпейтін, ал 10 қазанда бұл көрсеткіш 200 адамнан асқан. 31 қазанда пандемия басталғалы бір тәулік ішінде ауру жұқтырған адамдардың ең көп саны – 1 001 оқиға тіркелген. Жұма күні ол 1 656 оқиғаға дейін көбейді. 

Литвада алғашқы адам 28 ақпанда коронавирус жұқтырған. Елде қауіпті вирустан 192 адам қайтыс болды, ауру жұқтырған 5 454 адам жазылып шыққан. Республикада осы уақытқа дейін 20 747 науқас анықталды. 38,2 мың адам өзін-өзі оқшаулау режимінде.