Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалтаева Ләззат Молдабекқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ләззат Қалтаева 1965 жылдың 4 ақпанында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1987 жылдың маусым айынан бастап Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамында хатшы-референт, одан кейін басшының орынбасары ретінде қызмет атқарды.
1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Тұмар» ЖШС-де және «Виктория» ЖШС-де маркетинг инженері қызметінде болды.
1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін «ДАЭКО» ЖАҚ-да, «Дәнекер» ЖАҚ-на, «Қазақстанаудит» ЖАҚ-да бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маман болды.
2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ, «Мүгедектігі бар адамдардың Орталық-Азиялық форумы» ЗТБ төрайымы.
Білімі жоғары, Каспий қоғамдық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік марапаттары: «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Құрмет» ордені.