09 қыр, 2020 сағат 15:28

Лавров Ресейде оқитын қазақстандық студенттер үшін шекара қашан ашылатынын айтты

РФ Сыртқы істер министрлігі Ресей жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер үшін шекараның ашылуына байланысты оң шешімді күтіп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ресейде білім алып жүріп, бұл процесті жалғастырғысы келген және елдің ЖОО-на енді ғана оқуға түскен шетелдік студенттерге байланысты туындаған проблема арнайы қаралды», - деді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен екіжақты кездесу қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде. 

«Шешім Ресейдің Сыртқы істер және білім министрліктерінің бірлескен ұсыныстары негізінде қабылданды. Біз барлық елдің, соның ішінде Қазақстан студенттерінің бізге оқуға келетіндердің арасында бірінші болғанын қалаймыз. Нақты мерзім алдағы уақытта белгілі болады», - деп атап өтті С.Лавров. 

«Мұндағы шешім – апта сайын елге келетін студенттердің санын бөлу. Мен бұл мәселенің бір айдың ішінде шешілетініне сенемін», - деді ресейлік СІМ басшысы.

С.Лавров сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ашылуы екі тараптың эпидемиологиялық жағдайға қатысты шешімдеріне байланысты екенін қосып өтті. 

«Жалпы түсінік бар – бәріміз қалыпты өмірге тезірек оралғымыз келіп отыр. Коронавирусқа қарсы күрес пен пандемияға қатысты жалпы жағдай осыны алдағы болашақта іске асыруға мүмкіндік беретініне үміттенемін», - деп түйіндеді министр.