Қызылордада құтқарушылар су құбырының шұңқырына түсіп кеткен сиырды шығарып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға облыс орталығындағы СПМК-70 тұрғын ауданында болды.
«Су құбырының шұңқырына сиырдың түсіп кеткендігі жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түсті. Аталған шақырту бойынша жедел құтқару жасағы оқиға орнына барды. Құтқарушылар айналма су құбыры ішіне түсіп кеткен сиырды қауіпсіз жерге шығарып берді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
