03 ақп, 2020 сағат 11:04

Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Жасөспірім адам өлтіргені үшін күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала адам өлтірді деген күдікке ілінді.

2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Көз жұмған адамның кәмелет жасына толмағаны анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда.

Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сəйкес жария етілмейді.