04 қаң, 2020 сағат 04:32

Қызылордада 28 қылмыстық топ ұсталды

Өткен жылы Қызылордада 167 пәтер ұрлығы қылмысы ашылып, 28 қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың тек желтоқсан айында облыс орталығында 4 пәтер ұрлығын жасағаны үшін Арал ауданының 2 тұрғыны құрықталды. Сондай-ақ, 5 пәтер ұрлығы мен 2 тонау қылмысын жасағаны үшін Қызылорда қаласының 4-тұрғыны ұсталды. Олар жасаған қылмыстарын толығымен мойындап тергеу абақтысына қамалды.