Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 28.03.2020 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының әкімі Қ.Искаковқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсті.
Бұл туралы ҚазАқпарат Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған тұлғаға ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен күдік келтірілген.
Күдікті Қуанышбек Досмаилович Искаковқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды.
«Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген.
Қаулы заңды күшіне енбеген.