Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күндізгі сағат 15:30-да Қызылорда облысында - 10 адам, Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Елде науқастар саны 336 адамға жетті.
Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан - 15, Алматы - 7) аурудан жазылған. Екі адам көз жұмған. 31 наурызда түнде Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам вирустан көз жұмды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам қайтыс болған.
Вирус жұқтырған 336 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда - 175 адам
- Алматыда - 82 адам
- Қарағандыда - 13 адам
- Атырау облысында - 13 адам
- Ақмола облысында - 10 адам
- Алматы облысында - 8 адам
- Қызылорда облысында - 18 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 3 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
- Павлодар облысында - 2 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.