Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лззат Ақтаева өзінің Facebook парақшасында жазды.
Вице-минстрдің айтуынша, жүкті әйел 2020 жылдың 8 сәурі күні келіп түскен. Оның босанатын уақыты жеткен және оған жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған. Оның денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген.
COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталды. Әйел баласын аман-есен босанды.
Нәрестенің салмағы 2970,0 гр, бойы 51 см. баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестеден де COVID-19 вирусына анализ алынды. Әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды.
«Олар - өз ісін адал атқарып жүрген біздің заманымыздың батырлары, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының кезекшілер бригадасы:
Ақбота Қоңқабаева, акушер – гинеколог
Әйгерім Еңсепбаева - акушер
Меруерт Аққайырова – неанатолог
Айгүл Тұрғанбаева – балалар дәрігері», - деп жазды вице-министр.