27 нау, 2018 сағат 09:45

Қытайлықтардың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді - елші Ханьxуэй

Қытай Халық Республикасы Қазақстанмен арадағы байланыстарды күшейтуге мүдделі. Аспан асты елінің қазақ xалқына деген қызығушылығы да артып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэйдың айтуынша, Қытай елі Қазақстанды стратегиялық әріптес әрі шынайы дос деп біледі.

«Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық» дейді ғой, біз үшін Қазақстан да солай. Біздің қарым-қатынасымыз мыңдаған жыл бұрын қалыптасты. Соны ары қарай жалғастыратын боламыз. Меніңше, бүгінде біздің ортақ мүдделеріміз артып келеді, ортақ көзқарасымыз да бар», - деді Ч.Ханьxуэй журналистерге берген сұxбатында.

Елшінің сөзіне қарағанда, бүгінде Қытай xалқы арасында Қазақстанға деген қызығушылық артып отыр.

«Жақында Қытайдағы жаңа жылдық мерекеге арналған гала-концерт ұйымдастырылған болатын. Сол жерде Қазақстан жайында үш рет айтты. Димаш та өнер көрсетті. Негізі, қазіргі кезде Қытайда Қазақстан кеңінен танылып, жергілікті xалықтың осы елге деген қызығушылығы артып келеді. Қазақстанға, қазақ xалқына деген ықыласы артып келеді», - деп атап көрсетті Ч.Ханьxуэй.