Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытай Халық Республикасына сапары барысында «Синьхуа» ақпарат агенттігі, «CCTV» телеарнасы, «Жэньмин Жибао» газеті, Қытайдың орталық радиосы, «China News Service» ақпарат агенттігі, «Хуанцю шибао» басылымы сияқты Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі жүзеге асыру перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Нұрлы жер» және «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» бағдарламаларын ұштастыру нәтижелері туралы әңгімеледі.