25 жел, 2020 сағат 07:35

Қытайдың монополияға қарсы реттеушісі Alibaba Group компаниясына қатысты тергеуді бастады

ҚХР нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы электрондық коммерция алыбы Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Заңға сәйкес, Alibaba Group-қа қатысты монополистік әрекеттерге күдік бойынша тергеу басталды», – делінген мемлекеттік басқарманың нарықты реттеу жайлы мәлімдемесінде. 

Alibaba Group сатушыларды «екеудің біреуін таңдауға» мәжбүрлеген, яғни тек олармен ғана жұмыс істеп, сауда алыбының бәсекелестерімен жұмысты тоқтатқан. 

Alibaba Group бейсенбіде хабарлама алғанын және реттеушілердің тергеуіне белсенділік танытып көмектесетінін растады. Alibaba Group компаниясының Гонконг қор биржасындағы акцияларының бағасы 8,1%-ға төмендеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Alibaba Group Қытайдағы ең ірі электрондық коммерция платформаларын, соның ішінде Taobao-ны басқарады.