28 ақп, 2020 сағат 10:00

Қытайда 36 мыңнан астам адам коронавирустан айықты

Жұма күні ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитетке 327 адамның жаңа типті коронавирус жұқтырғаны, сондай-ақ осы індеттен 44 адамның қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" аталмыш комитетке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде 41 адам - Хубэй (Орталық Қытай) провинциясында, екеуі – Бейжіңде, тағы бірі - Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) тіркелген, деп хабарлады комитеттен.

Бұдан бөлек, бейсенбі күні 452 адамның коронавирус жұқтыруы мүмкін екені туралы мәлімет түскен. Белгілі болғандай, бір тәулікте 3622 адам ауруханадан сауығып шыққан.

Бейсенбідегі ақпаратқа сәйкес, барлығы 31 әкімшілік бөліністе және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында ауру жұқтырғандар саны 78824 адамды құрап отыр. Бұл індеттен 2788 адам көз жұмған. 7952 науқастың жағдайы ауыр, 2308 адам ауру жұқтырды деген күдікке ілінген, деді комитеттен.

Бейсенбідегі мәлімет бойынша, жалпы 36 117 адам ауруханадан емделіп шыққан. Науқастармен байланыста болған 656 054 адам анықталды. 65225 адам медициналық бақылауға алынды.

Сондай-ақ, Сянган, Аомэнь арнайы әкімшілік аудандары мен Тайванда 93, 10 және 32 адамның коронавирус салдарынан пневмонияға шалдыққаны анықталды.