«Атамекен» ҚР ҰКП отандық экспорттаушыларды, мүдделі мемлекеттік органдар мен темір жол өкілдерін шақыра отырып, «ҚХР-ға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың қазіргі жағдайы және перспективасы» атты ZOOM-конференциясын ұйымдастырды.
Қытай шекарасында күрделі жағдай қалыптасты. 12 мыңнан астам тиелген вагон қабылдауды күтуде.
Жылжымалы құрамның жиналып қалуына ҚХР жағынан санитарлық бақауды енгізу ықпал етті. Аталған тәртіп бүгінгі күнге дейін сақталуда.
Қазақстан астық өндеушілер одағының президенті Евгений Ган жүйелі мәселені «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Атамекен және мүдделі министрліктердің бірлескен күш-жігерінің арқасында шешуге болады деп санайды.
«Біз «бір терезе» қағидаты бойынша, айтайық тек «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс істегіміз келеді. Көпқұрылым жұмысқа кедергі келтіреді», деді ол.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов ұлттық жүк тасымалдаушы Достық – Алашаңқай шекаралық өткелінде Тасымал жоспарын толық көлемде орындау мен үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық кедергілерді жою және өткізу мүмкіндігін жақсарту бойынша шаралар қабылдауда екендігін атап көрсетті.
Атап айтқанда, Үрімші темір жолы өкілдерімен тиелген пойыздарды қабылдауды екі есеге – тәулігіне 14 жұп пойызға дейін қабылдау келіссөздері жүргізілді. Теміржолшының пікірі бойынша, бұнда үлкен әлеует бар.
Қанат Көбесов «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолдары арасында Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде тәулігіне 18 жұп пойызды кедергісіз қабылдау және беру мүмкін екендігін қаперге салды. Достық – Алашаңқай шекаралық өтпесі арқылы осыншама пойыздар алмасымы осы жылдың жазында жүзеге асырылды. Қазақстандық шекаралық станциясы осыншама көлемдегі вагондар беруді қамтамасыз етуге дайын.
Қазақстандық теміржолшылар ҚХР келетін пойыздарды белгіленген мерзімде және көлемде қабылдауда. Сонымен қатар, тиеуге мәжбүрлік тыйым салу іс-әрекетімен байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүкжөнелтушілерге Тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлды алып тастады.
- Біз онлайн режиміндегі үнқатысуға дайынбыз. Қытайлық әкімшілік өкілдерімен шекаралық теміржол өткелдері арасындағы тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері әр сейсенбі сайын талқыланатын болады. Бізде қытайлық әріптестермен айтарлықтай тиімді коммуникация үшін техникалық мүмкіндіктер бар, келіссөздер процесіне мүдделі мемлекеттік органдарды да қосылуға шақырамыз, - деді Қанат Көбесов.
Қанат Көбесов жүйелі мәселелерді анықтау мен олардың шешімін іздеу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, отандық экспорттаушылардың және өзге де құрылымдардың қатысуымен жедел топ құруды ұсынды.
Өз кезегінде экспорттаушылар «Астық Транс» АҚ тарапынан вагондардың тұрып қалуына нормативтен тыс негізсіз айыппұлдар салуына шағымданды. Олардың пікірінше, форс-мажорлық жағдай ескерілуі тиіс.
Онлайн-конференцияны аяқтай келе модератор, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры Ербол Есенеев темір жол, салалық қауымдастықтар өкілдерімен осындай кездесу өткізу күткендегідей нәтиже беретіндігін алға тартты.