13 мау, 2019 сағат 09:41

Қытай Тоқаевтың президент болып сайлануына қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы болып сайлануы саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, нығайта түседі, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық өсімін жеделдетеді, деп есептейді Қытай сыртқы істер министрлігі.

Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрлігі Қазақстанның жаңа президентін қытай халқының ескі досы деп атады.

"ҚХР төрағасы Си Цзиньпин оны Мемлекет басшысы болып сайлануымен құттықтады. Біз Қазақстанда саяси тұрақтылық сақталып, экономикалық өсім жалғасады деп сенеміз, бұл елдің үлкен ұлтаралық табысқа қол жеткізуіне және халықаралық және көпжақты істерде маңызды рөл атқаруына жол ашады", - деді ҚХР СІМ өкілі Гэн Шуан.

Дипломат Қазақстан-Қытай серіктестік қарым-қатынасы стратегиялық маңызды болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.

"Бейжің біздің екіжақты қарым-қатынасымызға үлкен мән береді, біз байланыстарымызды нығайтуға күш салуды жалғастыра береміз", - деп түйіндеді Гэн Шуан.

Қазақстанда президент сайлауы өткен жексенбіде, 9 маусымда өтті. Сайлау қорытындысы бойынша 70,96% дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.