Қытай компартиясы 19-шы съездінің ашылуында ҚКП ОК бас хатшысы Си Цзиньпин сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Қытай өз пайдасы үшін ешқашан басқа елдердің мүддесін пайдаланбайды және қандай жағдай болмасын өзінің заңды құқығы мен қызығушылықтарынан бас тартпайды», - деді Си Цзиньпин.
Сондай-ақ, ол Қытай дамудың шарықтау шегіне жеткенде де, ешқашан гегемонның орнына үміткерлік етпейді және ешқашан экспансиялық саясат жүргізбейді деді.