Қырғызстанда Жогорку Кенеш үкімет құрамын бекітті. Елдің премьер-министрі болып Мұхаммедкалый Абылгазиев сайланды. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент шешімін мақұлдап, жарлыққа қол қойды.
Бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков басқарған үкімет 19 сәуірде таратылған. Жогорку Кенеш үкіметке сенімсіздік танытқан.
Экс премьер-министр Сапар Исаковтің үкіметі 2017 жылы тамыздың аяғында қызметіне кіріскен. Ол үкімет құрамын парламенттегі көпшілік коалициясына кіретін СДПК, "Қырғызстан" және "Бир бол" фракциялары ұсынған. Сапар Исаковқа дейін Қырғызстан үкіметін қазіргі президент Сооронбай Жээнбеков басқарған.
Қырғызстанның жаңа үкіметі