Қырғызстанның арнайы қызметіндегілер шекара маңындағы аумақтарда теракт жасамақшы болған халықаралық террористік ұйымның мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Zanoza.kg басылымы Қырғызстанның ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Терроризмге қарсы жүргізілген шаралар барысында Қырғызстан азаматтарынан тұратын халықаралық террористік ұйымның әрекетіне тосқауыл қойылды. Халықаралық террористік ұйым мүшелерінің қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандарыру мақсатында жарылғыш заттар мен қарулар арқылы шекара маңындағы аумақтарда террристік актілер ұйымдастырмақшы болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша тергеу органдары "Террористік актіге дайындалу", "Террористік әрекетті қаржыландыру", "Террористік ұйым құру", "Оқ-қарулар мен жарылғыш заттары заңсыз иелену, оны сақтау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ұсталғандар Қырғызстанның ҰҚК уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.