31 қаз, 2017 сағат 11:35

Қырғызстанға заңсыз жолмен мұнай газын тасыған қылмыстық топ ұсталды - ҰҚК департаменті

Жамбыл облыстық ҰҚК департаменті мұнай газын заңсыз жолмен тонап жүрген қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай шикізаттары Қырғызстанға жөнелтіліп отырған. 

Жамбыл облыстық ҰҚКД жедел тергеу тобы биыл қыркүйектен бастап, тек Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген аса ірі көлемдегі мұнай газын тонап, Қырғызстанға жөнелтіп отырған қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. 


"Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топқа Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы компаниялар осы жүйеде жұмыс істеген. Негізі контрабандалық газ Қырғызстан арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға жіберіліп отырған", - деді ҰҚКД өкілдері. 

Мамандардың есебі бойынша, ай сайынғы залал мөлшері 650 миллион теңге құраған. 

"Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаментімен бірге жүргізілген шара бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) бойынша жүріп жатыр. 13 күдікті бар, оның алтауы ҚР азаматтары, олардың ұзақ уақыт бойы мұнай және газды заңсыз түрде алғанын растайтын құжаттары мен басқа да заттары тәркіленді", - деді ведомстводағылар.   


Сонымен қатар, бұл қылмыстық топқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.