06 қаз, 2020 сағат 20:46

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министр міндетін атқарушы болып сайланды. Бұл туралы шешім «Достук» қонақүйінде өткен Жогорку Кеңештің бүгінгі кезектен тыс отырысында қабылданды. Отырысқа 67 депутат қатысты. 

Отырыста бұрынғы премьер-министр Кубатбек Боронов отставкаға кеткені жария етілді. 

Еске сала кетсек, Садыр Жапаров 2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырғаны және өңір губернаторын кепілге алғаны үшін 2018 жылы 11, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол бүгін түрмеден босатылды. 

Сонымен қатар, Жогорку Кеңеш спикері болып Мыктыбек Абдылдаев сайланды

Парламенттің жаңа төрағасы кезектен тыс отырыс барысында сайланды. Мыктыбек Абдылдаев «Бир Бол» фракциясының депутаты.

Бұрынғы парламент спикері Дастанбек Жумабеков те отставкаға кетті.