27 қар, 2017 сағат 14:14

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуге міндеттелмек

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков мемлекеттік қызметкерлерді 2019 жылдан бастап қырғыз тілін білуге міндеттейтін қаулы шығарды. Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатқа сай, мемлекеттік қызметкерлердің қырғыз тілін білуі 2019 жылы базалық деңгейде, 2020 жылы орта деңгейде, ал 2021 жылы жоғары деңгейде болуы тиіс, деп жазады Азаттық.

Қаулының орындалуын қадағалау үкіметтің мемлекеттік басқару және кадр жұмыстары бөліміне жүктелді.

Қырғызстан конституциясы бойынша, елде мемлекеттік тіл қырғыз тілі, орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады.

Қырғызстанның көптеген мемлекеттік мекемелерінде халыққа орыс тілінде қызмет көрсетіледі. Қырғызстандық кейбір белсенділер Бішкекте мемлекеттік тілден гөрі орыс тілі басым қолданылатынын талай рет сөккен.