29 там, 2020 сағат 06:51

Қырғызстанда 3 күн қатарынан коронавирустан ешкім қайтыс болмады

28 тамыз күні Қырғызстанда 125 адамнан коронавирус анықталған. Оның ішінде инфекция жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған науқастар да, клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония науқастары да бар. Бұл туралы Қырғызстанның коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штабы хабарлады.

Жалал-Абад облысында 31 адамның, Бішкек қаласында 30 адамның, Баткен облысында 23, Ыстық-Көл және Ош облыстарында 13 және 12 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.

Өткен тәулікте Covid өлімі тіркелмеген. Эпидемия басталғалы Қырғызстанда коронавирус ауруынан барлығы 1058 адамның қайтыс болған. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі 18 тамыз күні Covid статистикасын қайта қарап, өлім санын үштен бірге азайтып көрсеткен. Нәтижесінде 18 тамыз күні таңертең коронавирустан 1498 адам қайтыс болды деп айтылса, сол күні кешке қайтыс болғандар саны 1053 болып қалды. Министрлік вирус жұқтырған 437 адамның басқа аурудан қайтыс болған деді.

Бір күн ішінде үш медқызметкердің вирус жұқтырғаны анықталған. Қырғызстанда барлығы 3126 медқызметкердің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 2440-ы айығып шыққан.

Тәулік ішінде 247 адам жазылып шыққан. Эпидемия басталғалы елде барлығы 43712 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, оның 37 973-і дерттен айыққан.