17 ақп, 2018 сағат 11:21

Қырғызстан СІМ Қазақстанға нота жіберді

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанда қырғызстандықтардың ұсталуына қатысты мәліметтер алу үшін Қазақстан консулына нота берді, деп хабарлайды Қырғызстан ведомствосының сайты.

Бірқатар БАҚ-та 15-16 ақпан күндері жүргізілген контртеррористік операция нәтижесінде Қазақстан Республикасында 29 азамат, соның ішінде расталмаған мәлімет бойынша Қырғызстанның 2 азаматы ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. 

Осыған байланысты министрлік мынаны хабарлайды: 

"16 ақпан күні кешке министрлікке шұғыл Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің консулы Е.Әбішев шақырылды. Кездесу барысында Е.Әбішевке Қырғыз Республикасы СІМ-нің аталған мәліметтердің расталуына немесе жоққа шығарылуына, расталған жағдайда ұсталғандар туралы және болған оқиғаның мән-жай туралы толық ақпарат беруге қатысты нота тапсырылды". 

Қазақстандық тараптан ақпарат күтілуде. Қырғыз Республикасының министрлігі мен шетелдік мекемелері аталған мәселені бақылауда ұстап отыр. 

Естеріңізге салып өтсек, Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады. Олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, криминалитет өкілдері мен Қырғызстанның екі азаматы бар.

sputniknews.kz