17 қыр, 2022 сағат 13:57

Қырғызстан шекарасындағы атыста 100-ден аса адам жарақат алды

ozodi.org

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 17 қыркүйекте таңғы сағат 9-да Баткен облысында қарулы қақтығыс салдарынан зардап шеккендердің саны 103 адамға жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бес зардап шеккен адам амбулаториялық емге жіберілген, қалғандары медициналық ұйымдардан көмек алып жатыр.

24.kg басылымының мәліметі бойынша Бішкекте зардап шеккендерге қан тапсыруға ниет білдірушілер кезекте тұр.

Еске салайық, бұған дейін тәжік әскері қырғыз ауылына оқ жаудырғаны хабарланған болатын.