14 қаз, 2020 сағат 14:44

Қырғызстан Президенті Үкімет басшысы мен оның мүшелерін тағайындады

Қырғыз Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбеков бүгін, 14 қазан күні «Қырғыз Республикасының Премьер-министрі мен Үкімет мүшелерін тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды КАБАР агенттігі.

Қырғыз Республикасы Конституциясының 84-бабы, 5-тармағына сәйкес: 

— Жапаров Садыр Нургожоевич Қырғыз Республикасының Премьер-министрі; 

— Новиков Артем Эдуардович Қырғыз Республикасының бірінші вице-премьер-министрі;

— Мамытканов Мақсат Суйуналиевич Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі; 

— Исмаилова Аида Жекшенбаевна бұған дейін жүктелген міндеттерінен босатылып, Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі;

— Сабиров Равшанбек Азатович Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі;

— Аманбаев Бактыбек Абдилашимович Үкімет Аппаратының басшысы – Қырғыз Республикасының министрі; 

— Казакбаев Руслан Айтбаевич Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі; 

— Джаманкулов Марат Тургунбаевич бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Әділет министрі; 

— Мукашев Кыялбека Белекович Қырғыз Республикасының Қаржы министрі;

— Муканбетов Санжар Турдукожоевич бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Экономика министрі; 

— Ниязбеков Ұлан Омоканович Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі; 

— Бейшеналиев Алмазбек Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі; 

— Бейшеналиев Алымкадыр Савирдинович Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 

— Бердалиев Бакыт Чырмашбаевич Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрі; 

— Чодуев Эркинбек Урайымович бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі; 

— Ажикеев Бообек Эргешевич Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; 

— Қадырбеков Нуржігіт Қадырбековича Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі; 

— Кочкоров Улукбек Тойчубаевич бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Еңбек және қоғамдық даму министрі; 

— Сагынбаев Жиргалбек Калмуратович Қырғыз Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитетінің төрағасы; 

— Исмаилов Алтынбек Джапарович бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.