08 қаз, 2020 сағат 10:13

Қырғызстан ІІМ басшысы: Елде жағдайды ушықтыруға мүдделі топ бар

Елде жағдайды ушықтыруға мүдделі адамдар тобы бар. Бұл туралы тілшілермен өткен кездесу барысында Қырғызстан Республикасы ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов мәлім етті, деп хабарлайды КАБАР агенттігі.

Ол бұның артында кімдер тұрғанын білмейтінін айтты. 

«Бұл тек Бішкекте емес, бүкіл ел бойынша орын алып отырған жағдай. Ош қаласында да, Ош облысы, Жалал-Абад облысында да орын алып отыр. Бүкіл аумақ бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлық теріс әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады», - деді ол. 

Курсан Асанов ешқандай эслакацияға жол бермейтінін мәлімдеді. 

«Біз мәселені әуелі келіссөздер жолымен шешетін боламыз. Қарапайым адамдарға қатысты күш жұмсау әдістері қолданылмайды», - деп қосып өтті ол.