16 жел, 2017 сағат 12:07

Қырғыз президенті Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жээнбеков қырғыз-қазақ қарым-қатынасының "одақтастық пен стратегиялық серіктестік аясында" дамып, екі елдің мүддесі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

"Сізге зор денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметіңізде мол табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына – бейбітшілік пен құт-береке тілеймін", — делінген Қырғыз Республикасының президенті құттықтауында.