Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы Қырғыз республикасының үкімет сайтында хабарланды, - деп жазады kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Сапар 2017 жылдың 18 қазанына жоспарланған.
"Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының үкімет басшыларының 17 қазанда телефон арқылы әңгімесінде мүмкін болған келісімдер бойынша Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сапар Исаков бүгін, 18 қазанда Қазақстан Республикасы, Астана қаласына жұмыс сапарымен барады", - делінген Қырғыз Республикасы үкіметінің сайтындағы хабарда.
Қазіргі уақытта екі елдің шекарасында бақылау күшейтілген. Қазақстан үкіметінің мүшелері республиканың өз заңнамасының аясында әрекет етіп отырғанын мәлімдеген.