04 жел, 2017 сағат 10:59

Қымбат шетелдік көлік сатып алған шенеуніктер жазаланды - Сағынтаев

Қымбат шетелдік көліктерді сатып алған мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қолданылды. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, бұл туралы "Ақ жол" партиясы мүшесінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратTengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Сағынтаев осыған дейін мәжілісмендердің 2017 жылдың 18 мамырындағы № ДЗ-138 депутаттық сауалының аясында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстовоаралық ұйымдарына ескерту жасалып, қымбат көлік сатып алғанда талаптарды орындауы қажеттігі жайлы айтқан болатын.

"Бірақ осы тапсырмалар орындалмаған жағдайлар болды. Осыған байланысты шетелден әкелінген қымбат көліктерді сатып алған жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылған шараларды Қаржы министрлігінің өкілдері айтатын болады", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2017 жылдың 31 қаңтарында жолдаған жолдауында Үкіметтегілерге мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істеудің бірыңғай жүйесін енгізуді тапсырғаны айтылады. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тапсырыстар мәселесі бойынша заң жобасы қарастырылып жатыр.