19 мау, 2019 сағат 13:37

Қылмыскерлер кәсіпкердің 27 млн теңгесі мен дүние-мүлкін тартып алмақ болды - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың «М» деген кәсіпкерден 27 миллион теңге, Ақмола облысының Бурабай кентіндегі 10 соттық жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинасын қорқытып алмақ болған заңға қайшы әрекетінің жолын кесті» делінген хабарламада.

Оқиға кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қаруды және сырт кескіні жауынгерлік қаруға ұқсас муляжды қолданып, кәсіпкердің отбасына қауіп төндірді.