19 қар, 2025 сағат 11:40

"Қыдырмайтын еркекті мен еркек емес деп ойлаймын": әнші Динара Алжан ер адамдарға қатысты пікірімен желіні дүрліктірді

Фото: Kezdesu жобасының видеосынан скриншот 

Бірнеше жыл бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры, марқұм Болат Назарбаевтың тоқалы болғанын ашық айтып, жұрттың талқысына түскен әнші Динара Алжан Kezdesu жобасына сұхбат беріп, тағы желіні дүрліктірді. Оның ерлердің әрекеті мен отбасыдағы рөлі жайлы айтқан ойлары қоғамды екіге жарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сұхбат барысында Динара Алжан ер азаматтардың мінез-құлқы туралы көзқарасымен бөлісіп, былай деді:

“Қыдырмайтын еркекті мен еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Әрқашан үйленген әйелінің бетіне қарап, басқа әйелдермен сөйлеспесе, дамымаса, мұндай өмір салты еркектерді жалықтырады”, — деді ол.


Әншінің пікірінше, қарым-қатынаста қызғаныш та, сезімнің түрлі қыры да – қалыпты дүние. Сондықтан егер бір ер адамды шын сүйсең, көп нәрсеге төзесің.

Сондай-ақ Динара Алжан ер мен әйел арасындағы байланыс қандай болуы керектігі жөнінде өз пайымымен бөлісті. Оның бұл сөздері желіде кең резонанс туғызып, пікір қалдырғандардың басым бөлігі әншінің көзқарасымен келіспейтінін жазған. Біреулер оның сөзін ер адамдарды жақтау деп қабылдаса, енді бірі мұндай көзқарас қоғамға зиян екенін айтуда.

Әншінің даулы пікірі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, мыңдаған қаралым жинап жатыр.