27 мам, 2021 сағат 09:53

Құжаттарының мерзімі өткен шетелдіктер 5 маусымға дейін Қазақстан аумағынан шығуы тиіс


Құжаттарының мерзімі өткен шетелдіктер 5 маусымға дейін Қазақстан аумағынан шығуы тиіс. Бұл туралы Polisia.kz порталы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Портал мәліметінше, Алматы қаласының көші-қон қызметі жол жүру құжаттары, Қазақстан Республикасының визалары және уақытша тұруға рұқсаттың мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі аяқталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауапқа тартылмай-ақ елден шығуын заңдастыру және рұқсат беру шешімі осы жылдың 5 маусымында аяқталуы тиіс. Мұндай шешімді 2020 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған болатын.

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елден шығару туралы сот шешімін дербес орындау мерзімі қайта басталды. Осыған байланысты, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша тұруға рұқсат алу немесе қажетті санаттағы визаны алуы арқылы өз мәртебесін реттеуі немесе Қазақстан Республикасынан 2021 жылдың 5 маусымына дейін кетуі қажет» – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.