Фото ашық дереккөзден алынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үш баланың анасы жолдаған хатты «Немолчи» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy порталы.
1962 жылы туған азамат екі ұлдың туған, бір қыздың өгей әкесі екен. Үшеуі – кәмелетке толмаған.
«Екінші жыл қатарынан «бармаған жерім, баспаған тауым жоқ». 2021 жылдың наурызында 2005 жылғы қызым хабарласып, өгей әкесі Б. анайы іс-әрекеттер жасағанын айтты. Сол күні полиция келді. Алайда ешқандай материал жиналмады. Оған тек іске қатысы жоқ қорғау нұсқамасын берді. Тек прокуратураға арыз түскен соң ғана қылмыстық іс қозғалды. Адвокаттың айтуы бойынша, педофилия бірден пайда болмайды. Сол себепті де үш баланы сараптамаға жібердім. Онда ұлдардың қорлық көргені дәлелденді. Кейін ұлым үйде ешкім болмағанда әкесінің анайы қылықтары жайлы айтып берді», - дейді анасы.
Ол атағандай, балалардың айтқаны мен арыз-өтініштеріне қарамастан қылмыстық іс 2021 жылдың желтоқсанында тоқтатылған.
Ашынған ана барлық мемлекеттік инстанция оқиға жайлы білгенімен, ешқандай іс-әрекет жасалмай отырғанын айтқан.
«Менің жағдайымды депутат Платонов біледі, бірнеше сауал жолдады. Алайда нәтиже жоқ. Омбудсмен Аружан Саин да бұл оқиға жайлы біледі. Бірақ әрекетсіз. Адам құқығын қорғау орталығына да хабарластым. Бұл мәселені тек қоғамдық пікірталас, дау ғана шешіп бере алады. Дина, соңғы үміт сізде», - деп хат жолдаған ол.
Хат жазған ананың айтуынша, Б. есімді азаматтың туысы - облыстардың біреуіндегі полиция департаменті бастығының орынбасары. Оның тағы бір ағасы Бас прокуратурада прокурор болып істейді екен. Жақында оның өзі ұлтық компанияның бірінде коммерциялық директор қызметін атқарған. Сол үшін әділетті жазаға тарту қиын болып отыр, дейді ол.