Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Бұл туралы елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы үндеу жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», - деді Мемлекет басшысы.