Фото: Sputnik/Сергей Ким
Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ҚР Мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған пункттер арқылы өтпеген. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады, деп жазады "Ұлт ақпарат".
Осыған байланысты ведомство шектес мемлекеттердің шекара өкілдерімен өзара тексеріс жүргізеді.
"Бүгінде шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі қосымша хабарланады", - делінген ресми мәліметте.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы хабарланған болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға жетіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.