10 ақп, 2022 сағат 20:28

Қуанышбаев атындағы театрға жаңа басшы тағайындалды

фото: Sputnik Қазақстан

Айболат Жаудыр Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айболат Жанғалиұлы - 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Аққұс ауылында дүниеге келген.

1995-1999 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Менеджер және театр ұжымын басқарушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999-2000 жылдары Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында редактор қызметінде бастады.

2000-2006 жылдары Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында администратор, бас администратор.

2005-2007 жылдар аралығында Қарағанды Экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

2006 жылдан аталмыш театрда директордың көрермен жөніндегі орынбасары; 2012 жылдан театр директорының бірінші орынбасары; 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» МКҚК директоры болды. 

2016-2019 жылдар аралығында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры. 

2019-2022 жылдары М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры қызметін атқарды.