12 ақп, 2021 сағат 12:47

ҰҚК: Мемлекеттік шекарадан жеке көлікпен өтуге болады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шекарадан жеке көлікпен өтуге бола ма?» деген сұраққа жуап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан және шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны жеке көлігімен және жаяу түрде кесіп өтуге рұқсат етіледі. Көлікпен өтуге қатысты ешқандай шектеу шаралары жоқ», - дейді Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаментінің өкілі, подполковник Мундаш Муллуашев. 

Сондай-ақ, ол шекара қашан ашылатыны туралы сұраққа жауап берді. 

«Мемлекеттік шекара ашық, бірақ бірқатар шектеу бар. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Апта сайын кездесу өткізіледі, хаттамалар жарияланады, соның негізінде жергілікті атқарушы органдардың талабы бойынша шекарадан өтуге рұқсат беріледі. Ведомствоаралық комиссия осындай ережелер мен рұқсаттарды бекітеді», - дейді капитан Ерлан Данияров.