Исатай Сартаев ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын», - делінген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімінде.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Сартаев ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.