Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген ресми хабарламада.
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов 1976 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастар саласы маманы.
Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасының референті, атташесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Хатшылығының Басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары болып қызмет істеген.
ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚРСІМ Азия және Африка департаментінің директоры, ҚР Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қазакстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтеше және Өкілетті Елшісі сынды қызметтерде болды.
«Құрмет» орденімен, бір медальмен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.