Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.
Ғабит Байжанов 1963 жылы туған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-24.02.2015); ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан
Соңғы лауазымы - ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.
Генерал-майор (05.05.2010), сыртқы барлаудың генерал-лейтенанты (03.05.2018) шендеріне ие.