11 нау, 2020 сағат 16:45

ҚР Президенті Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі экономист, «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевпен кездесу кезінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру, Қазақстан экономикасының энергиялық ресурстардың экспортына тәуелділігін төмендету мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді арттыру, фискалды және монеталық саясатты жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау бағыттарында кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.