22 шіл, 2019 сағат 09:41

ҚР Президенті қысқамерзімді демалысқа шықты

Мемлекет басшысы қысқамерзімді демалысқа шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.