10 там, 2019 сағат 16:51

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деп жазады Президент twitter парақшасында.