Бәріміз бірге жұмыла күрессек коронавирусты жеңеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
ҚР Президенті коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.
«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», - деді Президент.