24 ақп, 2020 сағат 17:05

ҚР Президенті Дархан Қалетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Қалетаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қалетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.